Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы болып Ерболат Ошақбаев тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Ерболат Құмарқанұлы 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында туған. Екі жоғарғы білімі бар.
Еңбек жолын 1996 жылы білім және мәдениет саласында бастаған. 2008-2012 жылдары ШҚО Ішкі саясат департаментінде мемлекеттік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс бөлімінде түрлі лауазымдарды атқарды.
2012-2015 жылдары ШҚО Жастар саясаты жөніндегі басқармада жетекші маман болып еңбек етті.
2015-2019 жылдары Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болды.
2019 жылы ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы болып тағайындалған. 2024 жылдың ақпан айынан осы уақытқа дейін Риддер қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Пікірлер