A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 12:10 0

Өскеменге жыл құстары ұшып келе бастады

Бүгін / Өскемен

Ертіс өзенінде шағалалар байқалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биология ғылымдарының кандидаты, доцент,  С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры Константин Прокоповтың айтуынша, аймаққа жыл құстары көптеп ағыла бастаған. 
- Жәндікқоректі құстар сәл кейінірек келеді. Олардың ішінде қарлығаштар, көкектер мен сары шымшықтар бар. Құстар түрлі жерде өмір сүреді. Шағалалар, қараторғайлар, құтандар мен үйректер Ертіс пен Үлбі өзендерінің аңғарларында жиі кездеседі. Ал шайқалғыш құстарды қала маңынан кездестіруге болады. Ұя салу маусымы кезінде құстар бәсекелестерінен қорғанады. Құстардың қазіргі басты мақсаты - жем табу, - деді Константин Прокопов.
Маманның айтуынша, құстар үшін маңызды кезең басталды: олар өздеріне орын таңдап, жұп құрып, жұмыртқалап, балапан өсіреді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив