A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:00 0

Қазақстандықтардың 95,6%-ы интернет қолданады — статистика

Бүгін / Республика

Ұлттық статистика бюросы 21 000 үй шаруашылығы арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану аясында жүргізілген зерттеу нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша 16-74 жас аралығындағы халықтың 88,2% компьютерді, ноутбукты немесе планшет сияқты технологияларды пайдаланады. Осы жас санатындағы интернетті (мобильді интернетті қоса алғанда) пайдаланушылардың үлесі 95,6% құрады.
— Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі (жеке компьютерді, смартфонды, планшетті, ноутбукты, стандартты бағдарламаларды пайдалану, сондай-ақ интернет арқылы қызметтер мен сервистерді алу дағдылары бар пайдаланушылардың үлесі) 92,4% құрады (16-74 жас аралығында), — делінген хабарламада.
Үй шаруашылықтары арасында ұялы телефон пайдаланушылардың үлесі 99,5%, кабельдік теледидар — 21,2%, спутниктік теледидар — 18,9%, үстел компьютері — 27,9%, ноутбук — 59%, планшет — 32% құрады.
Интернетті пайдалану мақсаттары бойынша респонденттердің басым бөлігі «ақпарат орналастыру немесе хабар алмасу» тармағын таңдаған — 79,5%, әлеуметтік желілер үшін — 69,5%, контентті жүктеу (фильмдер, музыка және ойындар) үшін — 43,1%.
Интернет арқылы сатып алу (тапсырыс беру) жасаған пайдаланушылардың үлесі 32,1% құрар отыр. Ең көп тапсырыс берілген тауарлар: киім мен аяқ киім (71,3%), азық-түлік (45,2%), косметика және тұрмыстық тауарлар (әрқайсысы 33,2%).

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив