A+ A A-

talgatzhan 38 1-04-2026, 15:35 0

ШҚО-да биыл 42 білім ордасы жөделеді

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 25 мектеп, 10 балабақша, 2 балалар үйі, 4 колледж және 1 қосымша білім беру мекемесі жөндеуден өтеді. 
- Биыл осы нысандарға жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұған 1,4 млрд теңге бөлінді. Ал жөндеуден қалған қаражатқа басқа мектептерді де жаңартуға тырысамыз. Сұраныстың көп екенін жасырмаймын. Аймақта тозығы жеткен білім ордаларын жөндеуге 13 млрд теңге қажет. Бірақ бөлінген қаражат бәріне бірдей жетпейді, - деді Қуат Оқасов.
Айтуынша, қаладағы мектептерге қарағанда ауылдағы білім ошақтарының жағдайы әлдеқайда жақсы көрінеді.
- Былтыр тамыз айының соңында қызметіме кірісе салып, қаладағы және аудандардағы бірнеше білім ордасын араладым. Шыны керек, қаладағы мектептерден гөрі ауылдағылардың жағдайы жақсы екенін көрдік. Мысалы, 2012-2016 жылдары Ұлан ауданындағы білім ордаларының терезелері ауыстырылып, едені жөнделген. Ал қала мектептерінің көбінде әлі күнге дейін ағаш терезе екен, - деді басқарма басшысы. 
Айта кетейік, осы жылы өңірдегі білім ордаларына 35 пәндік кабинет сатып алынған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив