Облыста бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, футбол – мыңдаған жанкүйерді біріктіретін бұқаралық спорт түрі. Осыған байланысты облыс орталығында жабық футбол стадионын салу туралы шешім қабылданды.
– Бүгінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өтуде. Қыркүйек айының соңына дейін қорытындысын алып, барлық қажетті рәсімді аяқтап, құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ «Восток» стадионы да премьер-лига ойындарын өткізуге дайындалып жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында.
– Сәуір айының соңына дейін барлық жұмыс толық аяқталады. Өйткені алғашқы ойынды 9 мамыр күні өткізу жоспарлануда. Құрылыс материалдарын жеткізу және жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Футболшылардың дайындық деңгейі де жаман емес, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Пікірлер