Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, өнеркәсіптік орталық саналатын шаһар үшін экология мәселесі – негізгі бағыттардың бірі.
– Біздің басты міндетіміз – тұрғындардың денсаулығын сақтау. Бүгінде «Таза Қазақстан» жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, – деді ол.
Жобаның маңызды бағыттарының бірі – қоғамдық көлік саласын жаңғырту. Осы мақсатта өңірде экологиялық таза көлік түрі – электробустарды сатып алу қолға алынған.
Аймақ басшысының сөзінше, қаладағы зиянды шығарындылардың шамамен 58 пайызы автокөліктерден бөлінеді. Сондықтан бұл мәселені шешуде қоғамдық көлікті жаңарту ерекше рөл атқарады.
– Жоспарға сәйкес автобус паркінің 80 пайызы жаңа электробустармен жаңартылатын болады. Бұл шешім ауа сапасын жақсартып қана қоймай, тұрғындар үшін ыңғайлы әрі заманауи қоғамдық көлік жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Пікірлер