A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 16:10 0

ШҚО-да 1 сыныпқа қабылдау уақыты өзгерді

Бүгін / ШҚО

Енді ата-аналар өтінішті 1 маусым - 31 тамыз аралығында бере алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұған дейін республика бойынша құжат қабылдау жыл сайын 1 сәуірде басталатын еді. Биылғы өзгеріс порталдағы техникалық ақаулардың алдын алу мақсатында енгізілді.
— Барлық өңір бір уақытта жүйеге кіргенде порталға шамадан тыс жүктеме түсіп, жұмысында іркілістер пайда болатын. Сол себепті ҚР Оқу-ағарту министрлігі қабылдау кезеңін аймақтар бойынша бөліп өткізуді ұйғарды. Біздің облыста өтініштер 1 маусымнан 31 тамызға дейін қабылданады, - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов.
Дегенмен қабылдау тәртібі өзгеріссіз қалады. Яғни, құжат тапсыру процесі бұрынғыдай жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналарға маңызды ескерту жасалды. Егер бала мектептің 0 сыныбында оқып, сол жерде 1 сыныпқа баратын болса, қосымша өтініш жазудың қажеті жоқ. Ал басқа мектепке ауысатын жағдайда өтініш беру міндетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив