A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 16:20 0

Өскемендегі Пушкин атындағы кітапхананың конференц-залы жаңартылды

Бүгін / Өскемен

Аталған зал соңғы рет 2000 жылдардың басында жөнделген еді. Содан бері күрделі жаңғырту жұмыстары жүргізілмеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл жолғы жөндеу жұмыстары бюджеттен тыс қаражат есебінен, демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылды. Нысан заманауи талаптарға сай жаңартылып, түрлі мәдени іс-шаралар, кездесулер мен ғылыми жиындар өткізуге ыңғайлы алаңға айналды.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірде кітапханаларды жаңғырту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
– Біздің басты міндетіміз оқырманға қолайлы жағдай жасау. Алдағы уақытта қала және аудан орталықтарындағы кітапханаларды кезең-кезеңімен жөндеуден өткізетін боламыз, – деді өңір басшысы.
Ал жазушы Әлібек Қаңтарбаев руханият саласына көрсетіліп жатқан қолдаудың маңызын атап өтті.
– Бүгінде руханияттың бірінші орынға қойылып отырғаны қуантады. Жоспарлар әлі де көп. Пушкин атындағы кітапхана облыстың рухани орталығына айналуы тиіс, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив