Полиция қызметкерлері алимент төлеуден жалтарып жүрген облыс орталығының 42 жастағы тұрғынын анықтады. Оның бала алдындағы жалпы берешегі шамамен 2,5 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ер адам сот шешіміне қарамастан заңмен белгіленген міндеттемелерін елемей, ұзақ уақыт бойы қарызын өтемеген. Салдарынан оған қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылды.
Тексеру барысында борышкерге тиесілі Toyota Land Cruiser Prado маркалы көлігі анықталды. Бұрын салынған шектеулерге сәйкес автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Көлік құралы алимент бойынша берешек толық өтелгенге дейін сол жерде болады.
ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері облыста сот актілерін орындаудан жалтарған 45 борышкер анықталды. Оның 28-інде алимент бойынша берешек бар. Әр адамға қатысты қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдануда.
Пікірлер