A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 09:15 0

Шемонаиха ауданынының тұрғынынан 4 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін / Қылмыс / Шемонаиха

Полицейлер есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, 31 жастағы тұрғынның бірнеше ай бойы жабайы өсетін қарасораны жинаумен айналысқанын анықтады. 

- Ер адам өсімдікті ауданның шет жағынан жинап, оны тұрғылықты мекенжайында сақтаған. Оның айтуынша, есірткі затын жеке пайдалану үшін қалдырған. Сонымен қатар термиялық өңдеуден кейін тағамдарға қосып отырған, - делінген ШҚО ПД мәліметінде. 

Жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылысын тінту барысында полицейлер өсімдік тектес кептірілген зат салынған төрт полиэтилен пакетін тапты. Тәркіленген зат салмағы 4 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив