Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Тимур Мұканов хабарлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, Telegram мессенджеріне «Baiqa, piramida» сервисі енгізілген. Ол пайдаланушыларға компанияларды қаржы пирамидаларының белгілері бойынша тексеруге мүмкіндік береді. Ол үшін сайт немесе әлеуметтік желідегі парақшаның сілтемесін енгізу жеткілікті.
- 2025 жылы ШҚО Экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидаларына қатысты 481 сілтемені, онлайн-казино және басқа да құмар ойындарға қатысты 591 сілтемені, криптоайырбастау пунктеріне қатысты 121 сілтемені бұғаттады, - деді Тимур Мұқанов.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдан бастап елде 100-ден астам қаржы пирамидасы анықталып, жұмысы тоқтатылды. Соның ішінде Eolus Kazakhstan, Sinsera Systems және Best Road Investment схемалары бар.
Пікірлер