ШҚО құрама командасы 9–11 сынып оқушылары арасындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Зияткерлік сайыс 19–31 наурыз аралығында Қостанай, Астана және Алматы қалаларында өтті.
Облыстың 35 оқушысы физика, математика, информатика, химия, биология және география пәндері бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Олимпиада нәтижесінде команда 17 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 5 күміс және 8 қола.
Сондай-ақ команда «Үздік олимпиадалық команда – 2026» номинациясында жалпыкомандалық үшінші орынды иеленді.
Пікірлер