A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 09:45 0

Волчанка ауылында дәрігерлік амбулатория салынды

Бүгін / Шемонаиха

Шемонаиха ауданына қарасты Волчанка ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Медициналық нысан заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда қажетті барлық құрылғы орнатылып, тұрғындарға толыққанды алғашқы медициналық көмек көрсетуге жағдай жасалған.
Бас дәрігер Бақыт Таймасованың айтуынша, амбулаторияда профилактикалық жұмыстар мен скринингтік тексерулер жүйелі түрде жүргізіледі.
– Ауыл тұрғындарына арналған жаңа амбулаторияда барлық қажетті қызмет түрі бар. Профилактикалық жұмыстар мен скринингтер тұрақты өткізіледі. Штат бойынша дәрігерлер жеткілікті. Сонымен қатар жас мамандарды, оның ішінде ерлі-зайыпты дәрігерлерді де жұмысқа тартамыз. Оларды оқытып, сертификат алғаннан кейін физиотерапиялық процедураларды жүргізуге дайындаймыз, – деді ол.
Айта кетейік, жаңа амбулатория ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттырып, денсаулық сақтау сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив