Бұл туралы аудан әкімі Дидар Кеңесбаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде Үбі өзені бойында ірі инвестициялық жоба әзірленуде. Оның құны 200 млн доллардан асады.
– Соңғы үш жыл ішінде ауданымызда екі сүт фермасы салынды. Биыл да ауқымды жобаларды іске асыру жоспарда бар. Жыл сайын жүзеге асырылып жатқан бастамалар аясында жүзден астам уақытша және 50–60 тұрақты жұмыс орны ашылып келеді, – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар өңірге елдің оңтүстік аймақтарынан жұмысшылар мен кәсіпкерлер тартылуда. Бұл үрдіс түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып отыр.
Пікірлер