25–27 наурызда Астанада өткен «Infomatrix-Asia 2026» халықаралық компьютерлік жобалар байқауында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Халықаралық сайыс – IT, ғылым және инновация бағытындағы дарынды оқушылардың басын қосатын ірі білім алаңы.
Биыл оған 3000-нан астам өтінім түсіп, 600-ге жуық финалист іріктелді.
10 елден келген 250-ден астам команда өз жобаларын қорғады.
Қатысушылар жасанды интеллект, бағдарламалау, стартап және инженерлік жобалар бойынша жұмыстарын ұсынды.
Биылғы байқаудың ерекшелігі – жобалардың басым бөлігі жасанды интеллект технологияларына негізделді.
Халықаралық додада өскемендік оқушылар Тамерлан Өмралинов, Әдия Татанова және Әмина Әділқызы «InsozAI» жобасымен жүлделі 3 орынға ие болды.
Пікірлер