Бұл жөнінде аудан басшысы Дидар Кеңесбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, өткен жылдан бастап ауданда бір күндік туризм жобасы іске асырылып келеді. Биыл бұл бастама жалғасын таппақ.
– Жоба аясында туристер Үбі өзені бойымен катамаран арқылы ауданның табиғи көрікті жерлерін тамашалай алады, – деді аудан әкімі.
Сондай-ақ былтыр ауданда балаларға арналған экологиялық демалыс ұйымдастырылған. Бір апта бойы оқушылар Үбі өзені жағалауындағы лагерьде демалып, экстремалды жағдайда өмір сүру және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерді.
– Биыл бұл жобаны облыстық деңгейде ұйымдастыру жоспарда бар, – деді Дидар Кеңесбаев.
Пікірлер