Бұл туралы ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Тимур Мұқанов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде облыс орталығы тұрғынының заңсыз шағын несие беру қызметі тоқтатылды.
– Ол бірнеше жыл бойы тиісті рұқсат құжаттарынсыз облыс тұрғындарына жоғары пайызбен қарыз беріп келген. Қарыз алушылардан алынған қаражат көлемі шамамен 40 млн теңгені құрайды, - деді Тимур Мұқанов.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау және кінәлі тұлғаны жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ
Пікірлер