A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 11:30 0

Өскеменде алкаголь өнімін заңсыз өндіру дерегі бойынша тергеу басталды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында және бірқатар ауданда алкоголь өнімін заңсыз өндірумен және айналымға шығарумен айналысқан адамдар тобы анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, өткен жылдың қаңтар айынан бастап күдіктілер қолдан жасалған есептік-бақылау маркаларын пайдаланып, құрамында спирті бар өнімдерді дайындап, сақтаған. Заңсыз қызмет облыс орталығы мен өңір аумағында жүргізілген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Іс бойынша барлық мән-жай мен оған қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.
Департамент өкілдері мұндай құқықбұзушылықтар экономикалық шығын келтіріп қана қоймай, адамдардың денсаулығына қауіп төндіретінін атап өтті. Заңсыз әрекеттерді анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары жалғасады. 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив