ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК филиалының мәліметінше, 1 сәуірден бастап кезекші кесте бойынша Сәтбаев даңғылы, 34/2 мекенжайында орналасқан №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұған дейін кезекші қызметті Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайындағы №2 ХҚКО атқарған. Енді ол қалыпты жұмыс кестесіне көшеді: дүйсенбі-жұма күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін; сенбі және жексенбі — демалыс.
Ал кезекші ХҚКО-лар дүйсенбі-жұма күндері сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Ал сенбі күні сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.
Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ
Пікірлер