A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 13:10 0

Нұрымбет Сақтағанов облыс тұрғындарын сенбілікке белсене қатысуға шақырды

Бүгін / ШҚО

Аймақ басшысы ең алдымен мұндай іс-шараларға қатысу тек ерікті түрде ғана жүзеге асырылатынын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нұрымбет Аманұлының ойынша, ауа райының жылынуы, санитарлық тазарту мен аумақтарды абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты экологиялық акциялар мен сенбілік жұмыстарын ұйымдастырудың бірыңғай ұстанымын түсіндіру қажет.
– Сонымен қатар, негізгі назар тұрғындардың өз үйлері мен аулаларына іргелес аумақтарды тазалауға бағытталуы тиіс, бұл әрбір шығысқазақстандықтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі болып саналады, – деді ол.
Осы ретте кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері қала көшелері мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына тек өз еркімен ғана қатысуы қажет. Мұндай жұмыстарға мәжбүрлеудің кез келген түріне жол берілметін көрінеді.
– Әрбір азаматтың демалуға және жеке уақытына толық құқығы бар, бұл құқық мүлтіксіз сақталуы тиіс. Сенбілік, өз кезегінде, өз өңірінің тазалығы мен дамуына бейжай қарамайтын азаматтардың белсенді ұстанымының көрінісі, – деді аймақ әкімі.
Облыс жұртының ортақ мақсаты “Таза Қазақстан” бастамасының міндеттері мен қағидаттарына негізделеді. Себебі, бұл бір реттік науқан емес, ұзақ мерзімді стратегиялық бағыт.
– Барлық азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтей отырып, тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз абаттандыру, санитарлық жағдайды жақсарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыруда елеулі нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Барша тұрғынды осы игі іске жеке атсалысуға шақырамын, – деді әкім.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив