Қазақстанда соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша 17 кен орны ашылды. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Вице-министрдің айтуынша, елде жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерттеу бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр және бұл нақты нәтиже бере бастады.
– Былтырғы және соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша 17 кен орны ашылды. Қазіргі уақытта біз негізгі көрсеткіштер бойынша жақсы өсімді байқап отырмыз, – деді вице-министр деді вице-министр елордада Geoscience & Exploration Central Asia халықаралық форумында.
Сондай-ақ ол Қарағанды облысында сирек жер элементтері бойынша жоғары әлеует барын атап өтті.
– Әңгіме лантаноидтар сияқты элементтер туралы болып отыр. Қазіргі кезде оларды қосымша зерттеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Әрі қарай игеру үшін инвестициялар мен заманауи технологиялар тартылып жатыр, – деп толықтырды спикер.
Оның айтуынша, бұл нысан перспективалы орын ретінде қарастырылып отыр және елдің мемлекеттік геологиялық зерттеулерінің маңызды нәтижелерінің біріне айналуы мүмкін.
Пікірлер