Мүлікті мемлекеттік мекеменің немесе кәсіпорынның балансына беруі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
sauda.e-qazyna.kz (онлайн сауда платформасы) сайтындағы деректерге сүйенсек, аукцион 7 сәуірде өтеді. Қазір құрылысы аяқталмаған зауыт ШҚО Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тиесілі.
Сондай-ақ сатылымға кешен ішінде ғимараттар мен құрылыстар орналасқан жер усакесі де шығарылған.
Еске сала кетейік, «Азия Авто Қазақстан» АҚ-ның аяқталмаған толық циклді автомобиль зауыты Сограда орналасқан. Оның құны шамамен - 23 267 885 900 теңге.
Мүліктік саудаға тек мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын ретінде тіркелген заңды тұлғалар ғана қатыса алады.
Пікірлер