A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 15:30 0

Веселовка орта мектебінде инклюзия кабинеті ашылды

Бүгін / Глубокое

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Тимур Виситаевтың демеушілігімен Веселовка орта мектебінде инклюзия кабинеті ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Инклюзивті кабинеттің ашылуы – барлық балаларға тең мүмкіндік беруге бағытталған маңызды қадам. Енді ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар білікті мамандардың көмегін алып, өз қабілеттерін дамытып, заманауи білім беру ортасында жайлы білім алуға мүмкіндік алады.
Жаңа кабинет қажетті оқу құралдарымен және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Тимур Виситаев білім саласын қолдау мен инклюзивті білім беруді дамыту қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтті.
– Әрбір бала сапалы білім алып, өз қабілетін толық ашуға мүмкіндік алуы керек. Инклюзивті білім беру – қоғам дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін қолайлы жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз. «Кедергісіз келешек» жобасы дәл осы мақсатқа бағытталған. Мұндай бастамалар балалардың болашағына жасалған маңызды инвестиция деп есептеймін, - деді депутат.
Айта кету керек, білім беру саласын қолдау, балаларға қамқорлық көрсету және қолжетімді орта қалыптастыру – қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі. Осындай бастамалардың жүзеге асуы инклюзивті қоғам қалыптастыруға және ауылдық жерлердегі білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив