Облыста құқық бұзушылықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Ішімдіксіз ауыл» бастамасы жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл шараны Тарбағатай ауданындағы Маңырақ ауылдық округіне қарасты Бозша ауылы да қолдады. Осылайша, елдімекен өңір бойынша алкогольдік өнімдерді сатудан толықтай бас тартқан 26-шы ауыл болды.
– Жергілікті жастар ауыл ақсақалдары мен қарияларына ұсыныс тастады. Бұл шешімді ауыл тұрғындары бірауыздан қолдаған, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.
Қазір Бозша ауылында 154 адам тұрады, 60-қа жуық үй бар.
Мамандардың айтуынша, ішімдік сатуға шектеу қойылған елдімекендерде құқық бұзушылық деңгейі, соның ішінде мас күйінде жасалатын қылмыстар азайған. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық жанжалдар мен ұсақ бұзақылық фактілерінің де төмендегені байқалады.
Айта кетейік, қазір облыста «ішімдіксіз ауылдардың» саны 26-ға жетті.
Пікірлер