A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 16:40 0

ШҚО-дағы үш ауданда мұз модулі салынады

Бүгін / ШҚО / Спорт

Жуықта облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығы біршама ақпаратпен бөлісіп, атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Әсіресе, аудандарға тоқталып, тұрғындардың бұқаралық спортпен емін-еркін айналысуына қандай мүмкіндіктер жасалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жоғары спорт жетістіктері және спорт резерв бөлімінің басшысы Аида Жуханованың сөзінше, өңірде дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін 1 628 спорт нысаны бар.

Өңірде жалпы құны 5 660,541 млн теңгені құрайтын 7 спорт нысаны әртүрлі құрылыс кезеңінде тұр. Оның ішінде алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Катонқарағай, Үлкен Нарын, Бозанбай, Марқакөл, Ақжар, Күршім ауылдарында) және ипподром (Өскемен қаласында) бар.

– Сонымен қатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Өскемен қаласында жалпы құны 4 320,4 млн теңгені құрайтын волейбол орталығының құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 2026 жылы облыстық бюджеттен 1 000,0 млн теңге қарастырылған. Риддерде жалпы құны 981,9 млн теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде, бұл ретте 2026 жылы облыстық бюджеттен 700,0 млн теңге бөлінген. Жыл басында Айнабұлақ ауылында спорт модулі пайдалануға берілді, – деді ол.

Халықты дене шынықтыру және спортпен қамтуды арттыру мақсатында былтыр 23 спорт нысаны салыныпты. Оның ішінде:

1. Ұлан ауданының Таврия ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені (499,6 млн теңге),

2. Өскемен қаласында тау шаңғысы базасы (541,6 млн теңге),

3. Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы орталық стадионға реконструкция жүргізілді (322,5 млн теңге),

4. Шемонаиха ауданында көпфункционалды спорт алаңы (2,1 млн теңге),

5. 19 балалар футбол алаңы (300,3 млн теңге).

Аталған жөндеу өңірдің спорт инфрақұрылымын сақтап, жаңғыртуға ықпал етеді. Сапалы дайындық та осындай жұмыс нәтижесінде жалғасатыны сөзсіз.

– Өткен жылдың қорытындысында халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі 1000 адамға шаққанда 52,6%-ды құрады. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын халық саны 313 961 адамнан асса, ауылдарда бұл көрсеткіш 109 248 адамды құрайды, – деді бөлім басшысы.

Анығы сол, қазір «Торпедо» хоккей клубына айрықша көңіл бөлініп отыр. Олардың қазіргі ішкі чемпионаттағы жеңісті жолы аудандардағы спортшыларға шабыт сыйлап отыр. Ресми ақпаратқа сәйкес, шорт-трек, керлинг, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккейді дамыту үшін Риддер, Зайсан және Шемонаиха қалаларында мұз модульдері салынбақ.


Өз тілшіміз

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив