Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, лизингтік бағдарлама аясында 100-ге жуық жаңа мектеп автобусын сатып алу жоспарлануда.
- Өңірдегі мектеп автобустарының басым бөлігі ескірген. Көпшілігі 2007 жылдары алынған. Сондықтан бұл мәселе көптен бері шешуді талап етіп келген, - деді басқарма басшысы.
Қазір облыстағы 103 мектепте 127 автобус бар. Олар шамамен 4,5 мың оқушыны тасымалдауда. Жаңа автобустарды сатып алу автопаркті едәуір жаңартуға және тасымалдау қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Пікірлер