A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 10:00 0

ШҚО-да су тасқыны қаупі бар учаскелерге әуеден барлау жүргізілді

Бүгін / ШҚО

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге «Өскемен – Шемонаиха ауданы – Риддер – Глубокое ауданы – Өскемен» бағыты бойынша әуеден барлау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ол үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» РМК-ның МИ-8 тікұшағы қолданылды.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегеновтің айтуынша, әуеден барлау барысында таулы аудандардағы қар қорының жиналуы бақылауға алынып, су тасқыны қаупі бар аумақтарда, соның ішінде Шемонаиха және Глубокое аудандарында қар қорының көлемі нақтыланып, су тасқыны жағдайының даму барысы алдын ала бағаланды.

Үбі және Үлбі өзендерінде мұз жамылғысының ашылу процесі байқалады. Өзендердің төменгі ағысында мұз толық еріп кеткен, ал жоғарғы бөліктерінде оның бұзылуы жалғасуда. Мұз кептелістері мен сең жиналуы тіркелген жоқ.

Әуеден түсірілген фото және бейнематериалдардың қорытындысы бойынша мамандар қазір өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты екенін атап өтті.

Мұндай әуеден барлау жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Фото және бейнематериалдарды салыстырмалы талдау гидрометеорологиялық үдерістердің динамикасын бақылауға және көктемде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив