A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:10 0

Үлбі өзенінде мұз жарылып, су тасқыны қаупі төмендетілді

Бүгін / ШҚО

Үлбі өзенінде мұз кептелістерінің алдын алу шаралары қабылданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Шемонаиха қаласы ауданында Үлбі өзенінде мұз қозғалысы тіркелді. Қалыптасқан жағдай Бородулиха ауданындағы Красный Яр және Речное ауылдары маңында мұз кептелістерінің пайда болуына әкелуі мүмкін еді.

Жағдайды тұрақтандыру мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті Абай облысының әкімдігімен бірлесіп, алдын алу шараларының кешенін ұйымдастырды.

Речное ауылынан төмен орналасқан қауіпті учаскеде мұз қабатын бөлшектеу үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар барысында алты учаскеде жалпы аумағы шамамен 12 мың шаршы метр мұз бұзылды. Бұл өзен арнасымен судың еркін өтуін қамтамасыз етіп, кептелістердің пайда болу қаупін азайтты.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде су басу қаупі барынша төмендетіліп, Краснояр ауылдық округінің тұрғындары мен тұрғын үйлерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Жағдай тұрақты бақылауда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив