Қайғылы жағдай 2 сәуір кешкі уақытта болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәуелсіздік даңғылы, 12a мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтер өртенді.
- Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 40 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді. Пәтерден ер адамның денесі табылды. Марқұм 1978 жылы туған, - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратында.
Пікірлер