A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:50 0

Өскеменде «PRO МОЛОКО 2026 & QazaqSut» халықаралық форумы өтеді

Бүгін / Өскемен

18–19 маусым күндері облыс орталығында 5-ші мерейтойлық халықаралық «PRO МОЛОКО 2026 & QazaqSut» форумы мен көрмесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Онда сала мамандары, инвесторлар, бизнес өкілдері мен халықаралық сарапшылар бас қосып, аграрлық сектордың бүгінгі ахуалы мен болашағын талқылайды.
Іскерлік бағдарлама аясында инвестициялық әлеуетті арттыруға бағытталған «Agro Industry Invest 26.ALTAI» III инвестициялық кездесуі ұйымдастырылады. 
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы майлы дақылдар кластерінің тәжірибесін таратуға арналған дөңгелек үстел өтіп, агросектордағы тиімді модельдер мен нақты тәжірибелер ұсынылады. 
Ет өндірісі саласының өзекті мәселелері «QAZAQ ET 2026» форумы аясында қарастырылса, отандық өнімді дамыту бағытында халықаралық серіктестердің қатысуымен Қазақстан бал өндірушілері мен экспорттаушыларының конференциясы өтеді.
Форум бағдарламасы практикалық бағыттағы іс-шараларға да бай. Қатысушылар «Восток-Молоко» зауыты мен заманауи сүт-тауарлы фермаларға технологиялық турларға қатысып, өндірістің озық үлгілерімен таныса алады. Сондай-ақ сүт, жемшөп және майлы дақылдар өндірісіне қатысты сараптамалық сессиялар мен таныстырылымдар ұйымдастырылады. 
Бұдан бөлек, Сыршылар гильдиясының семинары мен арнайы гастрономиялық шоу көпшілік назарына ұсынылады.
Ауқымды іс-шараға 15-тен астам елден қатысушылар келіп, 40-тан астам беделді спикер өз тәжірибесімен бөліседі. Жалпы форум 1500-ден астам делегат пен қонақты біріктірмек.
Маңызды кездесу өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға серпін беріп, жаңа серіктестіктер мен мүмкіндіктерге жол ашады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив