Жақында әлеуметтік желілерде Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы тасжолының жағдайы көрсетілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жүргізушілердің айтуынша, жолдардың кейбір учаскелеріндегі асфальт көктемде тозып тұр. Олар мұндай жолмен жүру көлік зақымдап, жөндеуге едәуір қаражаттың жұмсалатынын жеткізді.
Анықталғандай, аталған тасжол былтыр орташа жөндеуден өтті. Алайда зақымдалған бөлігі жөндеуге кірмеген.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының өкілдері тараған ақапарттың Зевакино ауылынан Рассыпное ауылына дейінгі жолға қатысты екенін растады. Биыл ол орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдардың тізімне енгізілді.
- Қазір мердігер дайындық жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары жақын арада басталады деп жоспарлануда. Жобаға жол негізін қайта өңдеу және асфальт-бетон жабынының екі қабатын орнату кіреді, - делінген ресми мәліметте.
Бүгінде нысанда жол құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Пікірлер