A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:05 0

Өскеменде “Altay Business” форумы өтеді

Бүгін / Өскемен

​15 сәуірде облыс орталығында кәсіпкерлер, бизнес өкілдері, сарапшылар және мемлекеттік органдардың қатысуымен өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі бағыттарын талқылайтын Altay Business форумы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

​Форум бизнес пен үкімет арасындағы диалог алаңына, кәсіпкерлер өз жұмысында қолдана алатын тәжірибе, идеялар және практикалық құралдармен алмасу орнына айналады. 

​Іс-шараның негізгі мақсаты – аймақтағы шағын және орта бизнесті мыналар арқылы қолдау және дамыту: табысты істерді көрсету, заманауи бизнес құралдарына қол жеткізу, кәсіпкерлік қауымдастықты дамыту және технологияларды енгізу.

Форум басында ​қатысушыларды тіркеп, аймақтағы белсенді жобалар мен компаниялар ұсынылатын көрме ұсыналады. 

​Форумның ресми бөлігін ШҚО әкімі ашып, кәсіпкерлікті дамыту мен өңірлік деңгейде бизнесті қолдаудың маңызына тоқталды.

​Altay Business спикерлері:

1) Әли Оспан – «Фотосурет өнері»

2) Сергей Медведев («Алтай Форел» ЖШҚ/Гранд Фиш ЖШҚ) – «Аквамәдинетті дамыту»

3) Дидар Мұратұлы (Oskemen Hub) - «Шығыс Қазақстан облысының IT-экожүйесін дамытудағы Oskemen Hub рөлі»

4) Жұлдыз Рахмет – «Туризм трендтері»

5) «Априма» ЖШС Андрей Дегунков – «Жасырын бизнес резервтері»

6) «ARNNA MINERALS» ЖШС, MIGLIOR артезиан суын өндіруші компания өкілі Ғибрат Досболұлы – «Кедергісіз экспорт: Қазақстандық өндірушілердің әлеуетін қалай ашуға болады»

7) ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Аңсат Исатай – «Кәсіпкерлік/бизнесті қолдау»

Форум өтетін орын: ШҚО филармониясы (Протозанов көшесі, 43)

Өтетін күні: 15 сәуір сағат 09:00-де басталады 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив