Қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының борышкерді іздестіру туралы қаулысы келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, 2025 жылдың наурыз айынан бастап әйел қала тұрғыны алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтарып келген. Ал қарыз сомасы 4 млн теңгеден асты.
- Жүргізілген іздестіру шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері 61 жастағы борышкер әйелдің орналасқан жерін анықтады. Қазір материалдар қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін сот орындаушыларына жолданды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.
Айта кетейік, жыл басынан бері іздеуде жүрген 35-тен астам борышкер табылды.
Пікірлер