A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 12:30 0

ШҚО-да тәртіп сақшылары қанша интернет-алаяқтық қылмысын ашты?

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Киберқылмыспен күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Бекжан Малгаждаров мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілішісі. 

Оның айтуынша, биылғы бірінші тоқсан қорытындысында өңірде 296 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 жағдайға аз.

– Өндірісі аяқталған 28 қылмыстық іс бойынша ашылу деңгейі 22%-ды құрады. Бұл өткен жылғы 19,1%-бен салыстырғанда жоғары. Оның ішінде ауыр санаттағы қылмыстар бойынша ашылу көрсеткіші 44%-ға жетті, – деді ол.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдікті ұсталған, оның бірі – Риддер қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны.

Сонымен қатар жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әзірлеген 2026-2028 жылдарға арналған киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бағдарламасы мен «Anti-Fraud» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кешенді жұмыстар қолға алынған болатын.

– Аталған шаралар барысында 150-ге жуық адаммен кездесу өткізілді. Сондай-ақ 12 мыңнан астам пәтер мен 6,5 мың жеке тұрғын үй тексерілді. Жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде бұрын жасалған 12 қылмыс ашылып, тағы 2 қылмыстық құқық бұзушылық анықталып, әшкереленді, – деді Бекжан Малгаждаров.

Маманның айтуынша, мұндай кешенді шаралар интернет-алаяқтықтың алдын алуға және азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив