A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 14:00 0

Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық 30%-ға төмендеді

Бүгін / Республика

Елімізде қызылшамен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалып отыр. Мәселен, кейінгі бір аптаның ішінде инфекция жұқтыру жағдайларының саны шамамен үштен бірге азайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Сырқаттанушылардың басым бөлігі екпе алмағандар екені белгілі болды. Бұл екпенің тиімділігін дәлелдейді.
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, кейінгі аптада қызылшаның 212 жағдайы тіркелген, ал оның алдындағы аптада – 302 жағдай тіркелген. Бұл сырқаттанушылықтың 30%-ға төмендегенін көрсетеді, - делінген хабарламада. 
Ең көп сырқаттанушылық келесі өңірлерде тіркелген: Астана қаласы – 46 жағдай, Павлодар облысы – 38 жағдай, Алматы қаласы – 20 жағдай, Қарағанды облысы – 19 жағдай. 
2025 жылдың қорытындысы бойынша елде қызылшаның 4 240 жағдайы тіркелген, оның ішінде 76,4%-ы егілмегендер. Егілмегендердің арасында балалардың едәуір бөлігі екпеден бас тарту, медициналық қарсы көрсетілімдер немесе екпе жасына жетпеу себептеріне байланысты вакцинацияланбаған.
Жыл басынан бері қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 1 жастағы 69 мың бала және 6 жастағы 66,8 мың бала егілді. 
Сонымен қатар қосымша иммундау шеңберінде шамамен 1,5 млн адам, оның ішінде кіші жастағы балалар мен қауіп топтарына жататын тұлғалар екпе алды. 
Сондай-ақ толықтырушы иммундау жүргізілуде: жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі 58,2 мың бала мен жасөспірім қамтылды. 
Жалпы алғанда, қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай бақылауда қалып отыр, ал вакцинациялау профилактиканың ең тиімді шарасы болып қала береді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив