21 сәуірде православтардың «Ата-аналар күнінде» зиратттарға қатынайтын арнайы автобустар іске қосылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімдігі хабарлауынша, автобустар 18, 19 және 21 сәуір күндері жүреді. Абай даңғылындағы автовокзалдан Ескі Примыкание және Жаңа зират бағыттарына, ал Пристань ауданынан Ушанов зиратына қоғамдық көлік қатынайды. Қоғамдық көлік қозғалысы сағат 07:30-дан 18:00-ге дейін жалғасады. Жолақы бір бағытқа 300 теңгені құрайды. Төлем тек қолма-қол түрде қабылданады.
Пікірлер