A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 16:15 0

ШҚО – құрылыс жұмыстары бойынша аутсайдер аймақ

Бүгін / ШҚО

Қазақпарат сайтының ақпаратынша, Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының мәліметімен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бюроның мәліметінше, құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі негізінен құрылыс нысандарын салу және жөндеу жұмыстарының ұлғаюымен (37,5%-ға) байланысты.
— Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең үлкен үлес автомобиль және теміржол жолдарын, сондай-ақ метрополитенді салу жұмыстарына (жалпы көлемнің 25,5%), тұрғын емес ғимараттар (22%) мен тұрғын үйлер (11,6%) құрылысына тиесілі, — делінген хабарламада.
Өңірлік бөліністе құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде байқалды.
Айтарлықтай өсім:
Ұлытау облысында (2 есе),
Жамбыл облысында (52,7%),
Павлодар облысында (26,6%),
Маңғыстау облысында (23,1%),
Қызылорда облысында (22%-ға),
Батыс Қазақстан облысында (17,4%-ға),
Түркістан облысында (17,4%),
Шығыс Қазақстан облысында (15,9%), 
Шымкент (49,2%),
Алматы қалаларында (22,7%) тіркелген.
2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы алаңы 4 846,9 мың шаршы метр болды. Тұрғын үйдің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар–наурызбен салыстырғанда 3,8%-ға өсіп, 3 869,4 мың шаршы метрге жетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив