A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:30 0

ШҚО-да 150 мыңнан астам тазалық акциясына қатысты

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рауан Тұрысбек айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында былтыр өңірде халықты, білім беру ұйымдары мен волонтерлік бірлестіктерді жиірек тартуды қамтамасыз еткен кешенді жұмыстар жүргізілді.
– Атап айтқанда, бұл шараға 150 мыңнан астам адам қатысты. 231 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, 3,8 мың тоннадан астам қалдық шығарылды, 1584 гектар аумақ тазартылды. Биыл «Таза Қазақстан» сенбілігі «Тазару күнімен» басталып, оның аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өткізілді. Өңір бойынша 800-ден астам адам қатысып, 380 тоннадан астам қалдық шығарылып, 10 гектар аумақ тазартылды, – деді Рауан Тельманұлы.
Белгілі болғандай, TazaQazBot платформасы жұмыс істей бастағалы 872 өтінім келіп түскен. Оның 71-і платформа талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылды. 2025 жылы аталған платформа арқылы 411 өтінім түсті. Оның ішінде, қоқыс шығару бойынша – 95, жол жөндеу – 48, аумақты тазалау – 82, көгалдандыру – 37, өзге мәселелер – 149. 
– Жыл басынан бері 70 өтінім қабылданып, оның 55-і орындалды. 15-і қалалар мен аудан әкімдіктерінің жауапкершілігінде болды. Өңірлік көгалдандыру жоспары аясында 2024 жылдан бері елді мекендер аумағында 248,5 мың көшет отырғызылды. Ал биыл 111,25 мың көшет отырғызу жоспарланған, – деді басқарма өкілі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив