Өңірде барлығы 1 870 лифт бар, оның 258-і ауыстыруды қажет етеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның ішінде 247-сі Өскемен қаласында.
- Тозған лифттер өзекті мәселелердің бірі. Олардың пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан. Осы мақсатта оларды жаңғырту бойынша 2030 жылға дейінгі Жол картасы қабылданды. Лифттерді жөндеу жұмыстары меншік иелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі. Алайда қазір қызметі қайта қалпына келтіріліп жатқан «ЖЭУ» ЖШС мамандандырылған ұйымының қолдауымен іске асырылады, - деді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рауан Тұрысбек.
Пікірлер