2026 жылғы ақпан айындағы дерек бойынша, өңірде 27 733 адам үй алудан үмітті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рауан Тұрысбектің айтуынша, тұрғын үй сатып алу жоспары артығымен орындалған.
- Жоспарланған 539 пәтердің орнына 571 пәтер сатып алынып, оған 11,7 млрд теңге жұмсалды. Нысандардың басым бөлігі, яғни 358 үй «Бірқабатты Шығыс» жобасы аясында сатып алынған. 2026 жылы жергілікті бюджет есебінен жалдау ақысының өтемақы үлесі 20%-дан 50%-ға дейін ұлғайтылды. Осы мақсатқа 25 млн теңге бөлінді, - деді ол.
«Шығыс жұмыскер» бағдарламасы - әртүрлі сала маманын қолдауға бағытталған. Алғашқы екі кезең қорытындысы бойынша 29 адам баспаналы болды. Ал жыл басында білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласының қызметкерлері үшін 45 өтінім банкте төлем қабілеттілігін растауға мақұлданды.
Пікірлер