A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 17:50 0

ШҚО-да демалыс күндері ауа-райы қандай болады?

Бүгін / ШҚО

Синоптиктер болжамынша, облыста түнде аяз сақталып, күндіз біртіндеп жылынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскеменнің өзінде 18 сәуірге қараған түні ауа температурасы -8…-10 °C-қа дейін төмендейді. Күндіз +4…+6 °C болады. 19 сәуірге қараған түні -5…-7 °C күтілсе, жексенбі күні күндіз +10…+12 °C-қа дейін жылынады. 
Жалпы облыс бойынша түнде -5…-10 °C, ал солтүстік және шығыс аудандарда -15 °C-қа дейін аяз болады. Кей жерлерде қар, көктайғақ және тұман күтіледі. 18 сәуір күні күндіз ауа температурасы +3…+8 °C аралығында болса, облыстың шығысында -2 °C шамасында болады. 19 сәуірге қараған түні -5…-10 °C, солтүстік-шығыста -13…-18 °C-қа дейін төмендейді. 19 сәуір күні күндіз +7…+12 °C, ал солтүстік-шығыс өңірлерде +2 °C болуы ықтимал.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив