A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:55 0

Өскеменде «Толқын ғұмыр» кітабы оқырманға жол тартты

Бүгін / Өскемен

Бүгін А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жерлес ақын, ұстаз Уызбаева Толқынның «Толқын ғұмыр» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Толқын Сайлаубекқызы 1977 жылы Үлкен Нарын ауданының Үштөбе ауылында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша, Шымкент қаласындағы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетін кәсіптік бағдар бойынша тәмамдаған. Өмір жолын ұстаздықтан бастаған Толқын бүгінде Үлкен Нарын ауылындағы Қабдөш Дамитов атындағы орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. 
– Толқын Уызбаева – табан астында суырып салар айтыскер ақын.  Домбырашылық, әншілік, жазбаша ақындықты ұстаздық қызметпен қатар алып жүрген өнерлі жан. Өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде басылып жүр. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен жүргізіліп отырған  «Абай әлемі» кітаптар топтамасының 2024 жылғы шығарылымында «Алтайдың ақын арулары» атты жыр жинағына өлеңдері енген, – деді ұйымдастырушылар.
«Толқын ғұмыр» аталатын бұл өлеңдер топтамасы – Толқынның алғашқы жыр жинағы. Сонымен қатар, Толқын – кітапхана жанынан құрылған «Төр Алтайдың әдеби әлемі» клубының белсенді мүшесі.
Шараға жиналған зиялы қауым өкілдері мен әдебиетсүйер қауым ақын қызға ақ баталарын беріп, жаңа кітапқа ақ жол тіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив