A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:00 0

Еңбек биржасында мүгедектігі бар азаматтарға 16,7 мың жұмыс орны ұсынылды

Бүгін / Республика

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар аясында электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілердің арнайы тізбесі жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер белгіленген квота шеңберінде осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.
2026 жылы квота 2,6 мың жұмыс берушіге белгіленіп, 16,7 мың жұмыс орнын қамтып отыр. Бұл мүгедектігі бар азаматтардың тұрақты табыс тауып, кәсіби әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
– Квоталауға қатысатын жұмыс берушілердің тізбесі аудандар мен қалалар бөлінісінде электрондық еңбек биржасында жарияланды. Бұл жұмыс іздеушілерге өз өңірінде қолайлы бос жұмыс орындарын жылдам табуға мүмкіндік береді, – делінген министрлік мәліметінде.
Ведомствоның хабарлауынша, жұмыс орындарын квоталау тек жаңа жұмыс орындарын ашумен шектелмей, инклюзивті еңбек нарығын қалыптастыруға бағытталған маңызды тетік болып табылады.
– Министрлік мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігін арттыруға, квотаның орындалуын мониторингілеу мен бағалау жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ 50-ден астам қызметкері бар жұмыс берушілер үшін квоталарды автоматтандырылған есепке алуды енгізуге басымдық береді. Сонымен қатар мансап орталықтары жұмыс берушілерге квоталанатын орындарға кандидаттарды іріктеуде практикалық қолдау көрсетеді, – деп атап өтілген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив