Аудан прокуратурасы әкімдікке қарасты «Молодежный» КМК және «Коммунальник» КМК жасасқан жылумен және сумен жабдықтау, су бұру қызметтерін көрсету туралы шарттардың «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Типтік келісімдерде міндетті шарттар көрсетілмей, монополистердің халық алдындағы жауапкершілігі толық көлемде айқындалмаған. Ал коммуналдық қызметтер үшін төлемді қайта есептеу тетіктері формалды сипатта болған.
- Аталған заң бұзушылықтар 7 мыңнан астам аудан тұрғыны мен 231 кәсіпкерлік субъектісінің заңды мүдделеріне нұқсан келтірді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша тұтынушылардың құқықтары толық көлемде қалпына келтіріліп, шарт талаптары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді. Құқық бұзушылықтар үшін «Молодежный» КМК және «Коммунальник» КМК-ға қатысты әкімшілік іс қозғалып, мемлекет пайдасына жалпы соммасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды, - делінген ШҚО Прокуратурасының ақпаратында.
Пікірлер