A+ A A-

talgatzhan 31 20-04-2026, 11:50 0

ШҚО-да оқушылар әскери өмірмен танысты

Бүгін / ШҚО

Халық қаһарманы Қ.Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінде мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери қызметтің маңызын түсіндіру және Отан қорғаушылардың күнделікті өмірімен таныстыру. 

– Ашық есік күнде әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, қару-жарақ үлгілерін көріп, сарбаздардың жаттығу процесіне куә болдық. Отан алдындағы борышты абыроймен атқару – әр ер азаматтың міндеті. Сондықтан әскери өмірді көзбен көру біз үшін маңызды болды, – деді оқушы Сейітхан Едіге.

Ашық есік күнінде әскери қызметшілер оқушыларға әскери тәртіп, жауынгерлік дайындық және заманауи техника туралы жан-жақты ақпарат берді. 

Сонымен қатар арнайы көрме ұйымдастырылып, балалар әскери киімдер мен жабдықтарды жақыннан көруге мүмкіндік алды.

Мектеп оқушылары үшін бұл күн ерекше болды. Олар өздерін сарбаз сезініп, әскери өмірдің қыр-сырымен танысты. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің елге деген сүйіспеншілігін арттырып, болашақта Отан қорғауға деген қызығушылығын оятады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив