A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 15:00 0

Қазақстан күнтізбесінде жаңа мереке пайда болады

Бүгін / Республика

Қазақстанда жаңа мереке - Қазақ тазысы мен төбеті күні ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZсайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес жаңа мереке 2026 жылдың 15 сәуірінен бастап енгізілді және ол жыл сайын 3 қыркүйекте аталып өтеді.

Әңгіме елдің мәдени мұрасының ажырамас бөлігі саналатын екі дәстүрлі ит тұқымы - қазақ тазысы мен төбеті туралы болып отыр.

Мерекенің белгіленуі ұлттық тұқымдарды сақтау мен дәріптеуге деген қызығушылықты арттырады деп күтілуде.

Билік бұл бастама Қазақстанның биоалуантүрлілігі мен мәдени дәстүрлерін сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлшегіне айналады деп есептейді.

Фото: BAQ.KZ сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив