Облыс аумағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қоюға бағытталған «Барьер» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлан ауданының тасжолдарында жүргізілген рейд барысында ветеринариялық-санитарлық қағидаларды бұзудың 9 фактісі анықталды.
- Тәртіп сақшылары 6 ірі қара мал тушасы мен 3 бас қойды заңсыз тасымалдаудың жолын кесті. Жүргізушілер өнімдер мен тірі малды олардың шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тиісті ілеспе құжаттарсыз тасымалдаған. Анықталған жағдай бойынша материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабына сәйкес процестік шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды, - делінген ШҚО Полиция депаратментінің ақпаратында.
ШҚО ПД ет өнімдерін бақылаусыз тасымалдау халық үшін тікелей санитарлық қауіп төндіретінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы жұмыстар бақылауда.
Пікірлер