A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:00 0

Елімізде дербес деректерді қорғау ісі күшейтіледі

Бүгін / Республика

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Премьер-министрге киберқауіптерге қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORMсайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, министрлік дербес деректерді қорғау бойынша жұмыс жүргізілуде. Деректерді сақтаудың нақты мерзімдері мен өңдеу ережелері белгіленді.
Egov Mobile мобильді қосымшасында азаматтардың дербес деректерді өңдеуге келісімін кері қайтарып алу тетігі енгізілді. Жеке деректерді қорғау бағытында «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.
— Дербес деректер операторларының тізілімін құру, сондай-ақ деректердің бұзылуы туралы азаматтарды хабардар ету міндеті жоспарлануда. Конституциялық реформа шеңберінде деректердің жаппай таралып кетуіне қатысты қосымша қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Мақсаты — деректерді қорғауды күшейту, азаматтардың цифрлық қызметтерге деген жауапкершілігі мен сенімін нығайту, — деп атап өтті спикер.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив