A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 16:10 0

ШҚО елдегі ең жиі баратын 10 аймақтың қатарына енді

Бүгін / ШҚО

2025 жылы Қазақстандағы туристік сапарлар саны 11 771,4 мыңға жетті (10 265,5 мыңы ел ішінде, 1 505,9 мыңы шетелге), деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

11 076 200 адам сапарға жеке себептермен шықса, 695 200 адам жұмыс барысымен шықты. 
Ең көп барған аймақтар: Астана (10,1% ), Түркістан облысы (10%), Алматы (9,9%), Алматы облысы (7,4%) және Қарағанды ​​облысы (7%). Ал Шығыс Қазақстан облысы 599 000 келушіні қабылдап, алғашқы ондыққа кірді.
Ел ішінде саяхаттағандардың 62,9%-ы туыстарының немесе достарының үйінде тұрақтады. 14,2%-ы қонақүйге, 11,5%-ы жалға берілетін үйде және  3,6%-ы шипажайда тоқтады. 
Көлік түрлеріне тоқталсақ, азаматтар ел ішінде өз көліктерімен (33,2%) және пойызбен (22,9%) қатынаған. Ал шетелдік туристер негізінен ұшақты таңдады.
Айта кетейік, 2025 жылы туристердің жалпы шығыны 1 134,2 млрд теңгеге жетті. Оның  659,2 млрд теңгегесі (58,1%-ы) - ішкі туристерге тиесілі. Олардың шығыны негізінен тауарларға (25,7%), көлікке (25,5%), тамаққа (20,8%) және тұруға (12,2%) жұмсалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив