Демалыс күндері Бұқтырма су қоймасының Аюда шатқалындағы орман алқабында шөп пен ағаштар отқа оранды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өртті сөндіру үшін ТЖМ авиациясының тікұшағы жіберілді. Өртке оранған аумақта орман шаруашылығы қызметкерлері мен ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да болды. Өртті сөндіру таулы жер бедері мен қатты желге байланысты қиындады. Дегенмен қабылданған шаралар оның таралуын жедел тоқтатты. Тікұшақтан барлығы 21 тонна су шашылды.
Пікірлер